Настройки отображения

Размер шрифта:
Цвета сайта
Языки

Настройки

Сатпаев қаласының Жезқазған кенті әкімінің аппараты

«№10 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ бойынша мектеп бітіруші түлектереге арналған «Сыңғырла,соңғы қоңырау» атты салтанатты жиын жайлы ақпарат.

09.06.2016

Мектепте 2015-2016 жылдың қорытындысы есебінде мектеп бітірушілер мен мектеп білім алушылары арасында 25 мамыр күні «Сыңғырла, соңғы қоңырау» салтанатты жиыны болып өтті. Қалалық білім бөлімінің тапсырмасы негізінде, жоспарға сәйкес, жиынның мақсаты – Мәңгілік ел идеясын насихаттау, 2015 жылғы 30 қарашада Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың жолдауына негізделді.

Жезқазған кентіндегі жергілікті өзін-өзі басқару

13.05.2016

Қазақстан Республикасының «Жергілікті өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес Жезқазған кентінде жергілікті қоғамдастық құрылып өз жұмыстарын бастады. Қоғамдастық 11 адамнан тұрады, мүшелер құрамына еңбек ұжымдары, кент тұрғындары ұсынған бастамашыл адамдар кірді. Бұл қоғамдастық жергілікті атқарушы органға тұрғындардың ұсыныстарын жеткізу жұмыстарын жүгізеді.

Ауылдық елді мекендерді дамыту туралы

24.03.2016

Жезқазған кентіне қарасты Сәтбаев ауылында  60 адам тұрады. Тұрғындар саны жыл сайын азаюда, ол келесі себептерге байланысты:

  •  Қаладан қашықтықта орналасуы  (30км);
  • Экономикалық потенциалы төмен ауылды елді мекен деп танылуына байланысты ауыл тұрғындарының экономикалық белсенді негізгі бөлігі (25 отбасы) Сәтбаев қаласында жұмысқа тұрғызылып «Жұмыспен қамту жол картасы 2020» бағдарламасының 3 бағыты бойынша жаңа тұрғын үй алды.
  • Ауылдағы жалғыз мектеп бастауыш сыныптарды ғана оқытады. (4 сынып);
  • Ауыз су қаладан әкелінеді.

Облыста жергілікті өзін –өзі басқаруды дамыту туралы

24.03.2016

Сәтбаев қаласының аумағындағы басқару нысаны бойынша қалаға қарасты жалғыз ауылдық елді мекен болып 6 мыңнан астам  (6075 чел.) тұрғыны бар Жезқазған кенті саналады.

Қазақстан Республикасы  қаржы министірінің 2015 жылдың 19 наурыздағы № 195 «Жергілікті өзін өзі басқару органдарына трансферттерді беру ережесін бекіту туралы» бұйрығына сәйкес жергілікті өзін өзі басқару  функцияларын жүзеге асыру үшін ауылдық елді мекендерге облыстық бюджеттерге және аудандық бюджеттерге (облыстық маңызы бар қалалар) түсетін келесі түсімдер бойынша сәйкес бюджеттерді еңгізу туралы сұрақ қаралды: